logo

Шымкенттік ардагерлер арасында шахматтан сайыс өтті

Таңдаулы Шымкенттік ардагерлер арасында шахматтан сайыс өтті
  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 255 рет

Шымкент қаласындағы «Орталық саябақта» «NurOtan»партиясықалалықфилиалыныңұйытқы болуымен Халықаралық қарттаркүніне орай ардагерлер арасында шахматтансайыс ұйымдастырылды.


Алпыстан астам ардагер қатысқан жарыстың ашылу рәсімінде «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов сөз сөйлеп, ардагерлерге сәттілік тіледі.
– «Орталық саябақтағы» осы алаңға шахмат ойнауға ардагерлер көп жиналады. Мұндасаналығұмырын, еліміздіңдамуынакүш-жігерінсарпеткенақсақалдарымыз бар. Біздің мақсатымыз – осы жандармендидарласу, олардың шахмат ойынын тамашалау. Қариясы бар елдің, қазынасы бар демекшібұлазаматтар біздің құнды қазынамыз, – дедіпартия филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
«Ақтұлпар» шахматтықклубындаардагерлер арасында өткентурнир қорытындысы бойынша Іорынға СпабекТеңгебаев пен ДәулетКолбашевлайық деп танылса, ІІ орынды Олег Нильмен Ғапбар Асанов иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынды Берік Анетбаев пен Сәмен Бөріханалды. Қалалық партия филиалы тарапынан сайыс жеңімпаздарына алғыс хаттармен сый-сияпат табысталды.