logo

Шымкенттік спортшылар ел спартакиадасында ІІ орынды иеленді

Таңдаулы Шымкенттік спортшылар ел спартакиадасында ІІ орынды иеленді
  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 934 рет

Ел аумағында төрт жылда бір рет өтетін Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жыл басынан бері еліміздің әр өңірінде 43 спорт түрі бойынша ұйымдастырылған спорттық сайыстарда шымкенттік спортшылар жүлделі екінші орынды алды. Марапаттау рәсіміне қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Сапарбаев арнайы қатысты. 

Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есеп бойынша І орынды – Алматы қаласының, ІІ орынды –Шымкент қаласының, ІІІ орынды –Алматы облысының спотшылары иеленді.
Аталған жеңіс туралы алғаш хабар таратқан шымкенттік белгілі спорт журналисі Ильяс Жолдас шымшаһар тұрғындарын құттықтады.
– Өңірлерде спорттың дамуына баға беретін дәл осы спартакиада. Мұнда барлығы шынайы. Сондықтан Шымкент қаласыныңспортыөзбиігінентүскенжоқ. Спортшылар мен бапкерлердіңеңбегінеорайарнайымарапат Спорт күнімерекесінеорайөтеді. Жеңіскежетуоңайболмады. Қаржылықжағынанқиындықболғанынақарамай, шымкенттік спортшыларжанкештіліктанытты, дейдібелгілі спорт журналисі.
Естеріңізге салайық, шымкенттік спортшылар биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында түрлі спорттық сайыстарда 272 алтын, 256 күміс, 278 қола медаль жеңіп алды.