logo

Шымкентте халықаралық турнир аяқталды

Таңдаулы Шымкентте халықаралық турнир аяқталды
  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 69 рет

Шымкентте көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған VIII халықаралық турнир өз мәресіне жетті. 

Әкімшілік-іскерлік орталықтағы көркем гимнастика спорт кешенінде өткен сайысқа жүзден астам спортшы қатысты.
Сайыстың негізгі «сеньорлар» категориясы бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Белорусь, Украина елдерінен келген 17 гимнаст өзара сайысқа түсіп, ең мықты гимнасты анықтады.
Жарыс нәтижесі бойынша 74,55 ұпай жинаған қазақстандық Роза Абитова жеңімпаз атанса, беларустық Анна Каменщикова 70,8 ұпаймен күміс медальді алды. Ал өзбекстандық Наргиза Джуманиязова 63,6 ұпаймен үшінші орынды иемденді.
Естеріңізге салайық, халықаралық туринирдің ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов пен 2004 жылы Афинада өткен жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, даңқты спортшы Бақтияр Артаев арнайы қатысып, спортсүйер қауымды турнирдің ашылуымен құттықтаған болатын.
Сондай-ақ, аталған сайыстың құрметті қонағы ретінде шақырылған Лондон, Рио Олимпиадаларының жеңімпазы ресейлік Анастасия Близнюк, он дүркін әлем чемпионы Ольга Капранова, төрт дүркін әлем және Еуропа чемпионы Дарья Кондакова жас гимнастарға ақ жол тіледі.