logo

АҚШ-тың Бас консулы Шымкентке келді

Таңдаулы АҚШ-тың Бас консулы Шымкентке келді
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 262 рет

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
– Біз үшін АҚШ – сенімді серіктес, тиімді басқару мен инновациялардың көшбасшысы. АҚШ Нидерландыдан кейін Қазақстандағы екінші ірі инвестор саналады. Осы бағыттағы іскерлік қарым-қатынасты дамытуға әзірміз. Шымкент –Қазақстанның үшінші мегаполисі, елдің жетекші өндірістік және экономикалық орталықтарының бірі, – деді Е.Айтаханов.
Шымкентте бизнесті дамытуға лайықты жағдай жасалғанын айтқан қала басшысы американдық компанияларды қонақүй, мейрамхана бизнесі, ақпараттық технологиялар, құрылыс, жеңілөнер кәсіп өндірісі және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласына инвестиция салуға шақырды.
Өзкезегінде АҚШ-тың Бас консулы Эрик Майер Қазақстанның іскерлік, мәдени, білім және ғылым орталығы болып табылатыны туралы айтып, қараша айында Шымкентте өтетін ІХ Орталық Азия сауда форумын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін қала әкіміне алғысын білдірді.