logo

ҚР Үкіметінің басшысы Шымкентке жұмыс сапарымен келді

Таңдаулы ҚР Үкіметінің басшысы Шымкентке жұмыс сапарымен келді
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 162 рет

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысу мақсатында шымшаһарға жұмыс сапарымен келді.

Алдымен шаһардағы «Бадам» (195-орам) тұрғын үй алабының инженерлік инфрақұрылым жағдайымен танысқан Үкімет басшысы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған «Шымкент қалашығын» реставрациялау және музейлендіру жөніндегі «Цитадель» жобасының алаңына барды. Тарихи құндылығы бар жобаныңбүгінгі ахуалын бағамдаған үкіметтік топ 2020 жылы «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылыаясында тартымды туристік нысан болуға арналған нысанның жағдайын саралады.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі өндірген өнімдерін ішкі нарықпен қатар көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан нарықтарына шығарып отырған «Зерде-Керамика» керамогранит өндіру зауытының қазіргі жағдайын бағамдады.
Сапар аясында ҚР Үкіметі басшысынатоқыма саласын дамыту бағытындағы жоба-жоспарлармен қатар сағатына 600 жолаушыны қабылдауға қауқарлы Шымкент әуежайыжаңа терминалының жобасы таныстырылды.