logo

Чехия Елшісі Шымкентке келді

Таңдаулы Чехия Елшісі Шымкентке келді
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 173 рет

Шымкент қаласына Қазақстан Республикасындағы Чехия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гикл арнайы келді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабаарлады. 

Сапар барысында Елші қала әкімі Ерлан Айтахановпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы іскерлік байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған тың жобаларды жүзеге асыру жайында пікір алмасты.
Кездесуде қала басшысы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізіп, Шымкент қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін баяндады.
– Біз Шымкент қаласынан студенттерді Чехияға ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тағылымдамадан өтуге жібере аламыз. Жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласына чех кәсіпкерлерін инвестиция салуға шақырар едім. Біздің өңірде бизнесті дамытуға лайықты жағдай жасалған. Қалада екі индустриалды аймақ пен бір арнайы экономикалық аймақ табысты жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта жаңа екі индустриалды аймақ құрылмақ. Осы аймақтардағы жобаларға қатысуға чех инвесторларын шақырамын, – деді Е.Айтаханов.
Экономикалық байланыстар жайы сөз болған жүздесуде мәртебелі мейман Қазақстан мен Чехия арасында тұрақты саяси диалогтың бар екендігіне тоқталып, Чехия инвесторларының Шымкент қаласымен қарым-қатынас орнатуға ниетті екендігін жеткізді.