logo

Шымкент: Абай ауданына әкім тағайындалды

Таңдаулы Шымкент: Абай ауданына әкім тағайындалды
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 101 рет

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу бесінші сессиясында депутаттар Абай ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Ғалымжан Төлеповтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сессияға қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша аудан әкімі лауазымына ұсынылған Ғалымжан Әнуарбекұлының кандидатурасына қолдау көрсеткен депутаттарға алғыс білдірді.
Сонымен бірге жаңа аудан әкіміне Мемлекет басшысы және Үкімет тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуына және жалпы аудан экономикасын көтеруге бар күшжігерін салады деп сенім білдірді.
Ғ.Төлепов1983 жылытуған. Біліміжоғары, мамандығыбойынша экономист, заңгер.
Еңбек жолын 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2006-2010 жылдары Қазығұрт ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаменті бюджеттің атқарылуын және талдау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты экономикалық талдау, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы және экономикалық талдау, бюджет және мемлекеттік сатып алу мониторингі бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2012-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты экономикалық талдау, бюджет және мемлекеттік сатып алу мониторингі бөлімінің меңгерушісі, Қазығұрт, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.