logo

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Таңдаулы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 139 рет

Бұл туралы қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылғы 4 қыркүйек күні Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Бұхарбай РысқұлұлыПарманов тағайындалды.
Бұхарбай Парманов 1962 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. Экономист, құқықтану бакалавры.
Еңбек жолын 1980 жылы Қазғұрт ауданы (бұрынғы Ленин ауданы)Әлішер Науаи колхозының қарапайым жұмысшысы болудан бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті қызметінен бастаған.
1987-1994 жылдары Қазығұрт аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, аға салық ревизоры-инспекторы, бас салық ревизоры-инспекторы, Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы, аға мемлекеттік салық инспекторы, инспекцияның бас мемлекеттік салық инспекторы болған. 1994-2018 жылдары аралығында Сарыағаш ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, Сарыағаш, Төлеби аудандарының әкімі қызметтерін атқарған.
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі болған.