logo

Шымкент қаласының әкімдігі мен Кәсіподақтар федерациясы меморандумға отырды

Таңдаулы Шымкент қаласының әкімдігі мен Кәсіподақтар федерациясы меморандумға отырды
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 98 рет

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізуге келісті.

–Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Теңіз елді мекенінде болған жағдайдың қайталануына жол бермеу, шетелдік компанияларда жергілікті мамандарға лайықты жалақы төлеу мәселесін көтере отырып, әділеттілікті сақтауды» тапсырды. Оның ішінде, кәсіпорындардағы жұмысшылардың еңбек жағдайы мен жалақысына байланысты сараптама жасауды, бұдан бөлек, Мемлекет басшысы отандық мамандардың кәсіби дайындығына және еңбек тәртібін сақтау мәселесіне баса назар аударуды, оны үнемі бақылауда ұстауды жүктеді. Сонымен қатар, жас жұмысшылардың білімін көтеру, олардың қолжетімді білім алу мүмкіндігін арттыру, біліктілігін көтеру, әдептілікке тәрбиелеу күн тәртібінен түспек емес, деді Е. Айтаханов.
Өз кезегінде кәсіподақ федерациясының басшысы кәсіподақтар жұмысындағы негізгі қағида – әлеуметтік әріптестік қағидаты екенін атап өтті.
–Бүгінде Кәсіподақтар федерациясы 2 миллионнан астам адамды біріктіріп отырған еліміздегі ірі қоғамдық ұйым. Шымкент қаласы бойынша 414 бастауыш кәсіподақ ұйымы еңбек дауын шешуге, еңбекшілердің құқығын қорғауға, еңбек шарттары мен қауіпсіздігін жақсартуға ықпал етіп, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы басты медиатор болып отыр, деді Б.Әбдірайым.
Енді қос тарап еңбек дауы, еңбек қауіпсіздігіне байланысты туындаған мәселелерді бірлесіп шешпек.