logo

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Таңдаулы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 89 рет

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ербол Әбілхайырұлы Садыр қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген жаңа қала әкімінің орынбасарын қала әкімі Ерлан Айтаханов аппараттық мәжілісте таныстырып, жаңа қызметіне еңбегіне табыс тіледі.
Е.Садыр 1973 жылы туған, білімі – жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылы Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған. 1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
2013 жылғы мамырдан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Ал, 2017 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Садыр өз қызметінде кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, туризм және цифрландыру мен табиғатты қорғау салаларына жетекшілік ететін болады.