logo

«Shymkent» ӘКК» АҚ-на БасқармаТөрағасы тағайындалды

Таңдаулы «Shymkent» ӘКК» АҚ-на БасқармаТөрағасы тағайындалды
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 74 рет

Осыған дейін Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарған Әбілсейіт Байсейітұлы Рабаев «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. 

Жаңа төрағаны корпорация ұжымына Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов таныстырды.
Ә.Рабаев 1981 жылы 31 тамызда Ордабасы ауданында туылған. Білімі жоғары 2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін жол қозғалысының инженері, 2008 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінің экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Компания Ерке» ЖШС-ында оператор болып бастап, 2003-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметін атқарды.
2016-2018 жылдары «Тұран Құрылыс» ЖШСбас директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкім аппараты хатшылығының бас маманы, «Шымкент» ӘКҚ ҰҚ» АҚ төрағасының міндетін атқарушы, Шымкент қаласы құрылыс бөлімінің басшысы, Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысықызметін атқарған.