logo

Шымкентте басқарма басшысы тағайындалды

Таңдаулы Шымкентте басқарма басшысы тағайындалды
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 348 рет

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен Әлі Алтай Сембекұлы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

Алтай Сембекұлы 1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, экономика ғылымының бакалавры. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Рахат Палас Отель» қонақүйінің байланыс орталығында қарапайым қызметкер болудан бастаған.
2010-2019 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері, Астана қалалық сотының бас маманы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Хатшылығының бас сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары–хатшылық меңгерушісі болып қызмет атқарған.