logo

Шымкентке денсаулық сақтау министрі келді

Таңдаулы Шымкентке денсаулық сақтау министрі келді
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 119 рет

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді. Бұл туралы қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі хабарлады. 

Арыс қаласында орын алған жарылыс салдарынан зардап шеккен азаматтардың бүгінгі жағдайын өз көзімен көрген министр Шымкент қаласы аумағындағы бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарын аралап ондағы жұмыстармен танысты. Сондай ақ, шымкенттік тұрғындарды сапалы медициналық қызметтермен және дәрі-дәрмекпен қамту жайын бағамдап, шаһардың және медициналық нысандардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын саралады.
24 маусымда Арыста орын алған жарылыс салдарынан зардап шеккен 400-ден астам адамның басым бөлігі Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарға жүгінді. Бүгінде пациенттердің бір бөлігі Шымкент қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасына, ал жасөспірімдер мен балалар «Нұрсәт» шағынауданындағы балалар ауруханасында ем қабылдауда.
Айта кетейік, бұдан бөлек қаладағы медициналық ұйымдар мен стационарларда жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру үшін қосымша 280 төсек орны әзірленіп, эвакуациялық бекеттерде жедел жәрдем көліктері кезекшілік ұйымдастырды.