logo

Үкімет басшысы Шымкенттегі индустриалды аймақта

Таңдаулы Үкімет басшысы Шымкенттегі индустриалды аймақта
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 17 рет

Шымкент қаласына келген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарын «Оңтүстік» индустриялық аймағында жалғастырды.

Шаһардың өнеркәсіптік өндіріс көлемін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу және әлеуетін бағамдау мақсатында келген Үкімет басшысы индустриялық-инновциялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған «Shymkent Temir» зауытында болды. Тауарларын экспорттық нарыққа шығаратын металлургия зауытының жобалық қуаттылығы жылына 250 мың тонна болат дайындауға қауқарлы. 

Осында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін бағамдаған Үкімет басшысының сапары «Рахат-Шымкент» ЖШС-нда жалғасты.
Заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған фабрика жылына 24 мың тоннаға дейін 30 аталымдағы 4 түрлі кондитерлік өнім шығарады. Өз кезегінде сала мамандары Асқар Маминге инвестициялық жоба соның ішінде мармелад пен қантты печенье шығаратын жаңа желіні іске жайын тиянақты баяндады.
Сапар қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі қала әкімі Ғ.Әбдірахымовқа Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын тиімді орындауды қамтамасыз ету үшін қажеті шараларды қабылдауды жүктеді. Сондай ақ, инвестициялық жобаларды іске асыру, шығарылатын өнім және өндіріс көлемін ұлғайтуды тапсырды