logo

Үкімет басшысы Шымкентке келді

Таңдаулы Үкімет басшысы Шымкентке келді
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 203 рет

Еліміздегі ірі қалалар санатына енген Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 

шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, іске асып жатқан инвестициялық жобалармен танысты.
Алдымен Шымкент қаласындағы әуежай жанындағы жаңа терминалдың іске асу барысын бағамдаған Асқар Ұзақбайұлы осында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов сағатына 400 жолаушыға қызмет көрсететін жаңа терминал ел игілігіне берілсе, жолаушылар ағымын он есе арттыруға болатынын хабарлады.
Қаладағы «Химфарм» зауытына барып, фармацевтикалық индустрияның даму қарқынын өз көзімен көрген Үкімет басшысына сала мамандары осы зауытта отандық дәрі-дәрмектердің 71 түрі өндірілетінін және халықаралық стандарттарға сәйкес фармацевтикалық өндірістерді жаңғырту бойынша 108 млн АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жоба іске асып жатқанын мәлімдеді.
Зауытты аралап, жаңа цехтар мен «Модельдік цифрлық фабрикалар» жобасының аясында іске қосылған «Цифрлық инженерлік және білім беру орталығының» жұмысымен танысты. Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.