logo

Шымкентте «Nur Otan» партиясының жиыны өтті

Таңдаулы Шымкентте «Nur Otan» партиясының жиыны өтті
  • Бөлім:  Саясат
  • Оқылды 22 рет

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында партия филиалы ғимаратында орналасқан құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысымен танысты. 

22 заңдық қызметті тегін көрсететін орталыққа бүгінге дейін 9 мыңнан астам азамат жүгінген. Осында жұмыс істейтін прокурорлардың, адвокаттардың, медиаторлардың қызметтеріне жүгінушілердің саны артқан. Есепті мерзімде мыңға жуық азамат әкімшілік қызметіне қатысты мәселелер бойынша орталық қызметін пайдаланған. Сондай ақ, пробация қызметкерлері мен психологтарға деген сұраныс көбейген. Осы және орталыққа қатысты өзге де ақпарлармен танысқан партия төрағасының орынбасары орталық жұмысын оң бағалады.
Түсқайта Шымкент қаласының әкімі, қалалық партия филиалының жетекшісі Ғабидолла Әбдірахымов пен «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен қалалық партия ғимаратында мәжіліс өтті.
Партия активі алдында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов «Халыққа көмек» жобасы аясында құрылған бірыңғай әлеуметтік терезесінің атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Биылғы 18 ақпанда қалалық партия филиалы жанынан ашылған әлеуметтік терезеге үш мыңға жуық азамат жүгінген. Ондағы мәселелердің 619-ы оң шешімін тауып, 3087-сіне түсінік берілген.
Жиын соңында партияға жүктеліп отырған міндеттерді сапалы іске асыру жайы сараланып, нақты міндеттер белгіленді.