logo

Шымкент: Кәсіпкерлер мен инвесторларға бірыңғай орталықта қызмет көрсетілуде

Таңдаулы Шымкент: Кәсіпкерлер мен инвесторларға бірыңғай орталықта қызмет көрсетілуде
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 282 рет

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов аталған орталық бизнес өкілдерінің басын қосатын алаңға айналу керектігін айтты.
Сала мамандарының хабарлауынша Шымкент қаласындағы «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың қажетті шараларын қамтамасыз ететін фронт-офис мамандарының қызметіне кеңес алу үшін 5 мыңға жуық азамат жүгінген.
Бүгінде Шымкентте жүзеге асып жатқан «Бизнеске арналған Үкімет» жобасын «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлі корпорациясы» АҚ-ы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы» бірлесе іске асыруда. Бұл жоба бизнес мүмкіндіктерін кеңейту, ҚР Үкіметінің инвесторлар үшін «Бір терезе» фронт-офистерін құру туралы тапсырмасының негізінде құрылды.
Мұнда инвесторлар мен кәсіпкерлерге 9 бағыт бойынша атап айтқанда: мемлекеттік қызметтер, жобаға қолдау көрсету, маркетингтік қызметтер, бухгалтерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алу бойынша кеңестер, CT KZ сертификаттарын беру, қаржылық ұйымдар мен даму институттарының қызметтері, бизнестің қорғау бойынша қызметтер, көші-қон мәселелері мен кеден, салық мәселелері бойынша сапалы қызметтер көрсетілуде.