logo

Шымкентте позитронды-эмиссионды томография орталығы ашылмақ

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 280 рет

Жақын арада қатерлі ісікке шалдығу ықтималдылығы бар шымкентіктер аты жаман аурудан алғашқы сатысында құтылуға мүмкіндік алды. Енді шаһар тұрғырдары өздеріне қойылған диагноздан ертерек арылып, сауығуға мүмкіндік алды.

Ол үшін Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта ашылатын «ПЭТ» орталығының қызметіне жүгіне алады.
Жаңа заманауи орталыққа қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерлан Айтаханов түркиялық компания өкілдерімен келіссөз жүргізіп, екі жақты меморандумға қол қойды.
Жалпы құны 2,7 млрд. теңгені құрайтын жоба аясында түркиялық инвесторлар қалалық онкологиялық орталыққа соңғы үлгідегі заманауи позитронды-эмиссионды томография және циклотрон қондырғысын орнатып, ғимаратты жалға алу арқылы халыққа тегін медициналық қызмет көрсететін болады.Қалалық онкологиялық орталықтағы науқастардың барлығы зерттеудің бұл түрін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде тегін алмақ.
Айта кетейік, түркиялық инвесторлардың демеуінің арқасында жобаға мемлекеттік бюджет есебінен қосымша қаржы бөлінбейді. Әрі онкологиялық аурулардың таралуын ерте анықтап, өлім-жітім көрсеткішін азайтуға мүмкіндік береді.