logo

Шымкент: Жолдау жүктеген міндеттер жастарға түсіндірілді

Таңдаулы Шымкент: Жолдау жүктеген міндеттер жастарға түсіндірілді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 265 рет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағыҚазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында жасақталған қалалық ақпараттық-насихаттық топ Шымкент қаласындағы индустриялды-техникалық колледж студенттерімен және ұстаздарымен кездесті. 

Қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева, Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Асхат Есеналиев сынды азаматтар жастарға саяси құжатта айтылған бағыттар туралы жан-жақты айтып, Жолдау жүктеген міндеттерді бірлесе іске асыруға шақырды.
Жүздесуде қала әкімінің бірінші орынбасары Жолдаудың маңыздылығын егжей-тегжейлі түсіндірсе, ғалым Асхат Ералыұлы заман талабына сай мемлекет құру жолындағы қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынасы туралы айтты.
– «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет». Біз осы мақсатқа жету бағытындағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салуымыз қажет, деді Асхат Ералыұлы.
Кездесуде топ мүшелері Жолдаудағы мақсат-міндеттер және орындау бағытында қолға алынатын тірліктер туралы сөз сөйлеп, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.