logo

Шымкенттегі «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері 1200 оқушыға артты.

Таңдаулы Шымкенттегі «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері 1200 оқушыға артты.
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 185 рет

Олар «Оқушылар сарайында» өткен ассоциациясының қалалық слетінде салтанатты түрде ант қабылдады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық білім басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған «Мен өз елімнің парасатты ұрпағымын» атты слетіне қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Қабылбеков, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары қалалық ассоциациясына қабылданған оқушыларды құттықтады. Жас өрендерге сәттілік тілеген олар, оқушыларды оқуда озат, шыншыл әрі адал болуға шақырды.

Бағдарлама барысында «Мәңгілік елдің – адал​ ұрпақтары» атты ассоциация белсенділерінің кезекті отырысы өтті. Ал «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында өткен жиында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мен қалалық ассоциация мүшелерінің атқарған жұмысы бойынша есебі тыңдалып, «Адалдық бізге аманат» қойылымы сахналанды. Адал болуға сөз берген жас өрендер флэшмоб ұйымдастырды. Онда оқушылар «Адал ұрпақ» әнін бірге шырқап, би биледі.