logo

Шымкентте кәсіпкерлер мен инвесторларға қызмет көрсететін орталық жұмыс істейді

Таңдаулы Шымкентте кәсіпкерлер мен инвесторларға қызмет көрсететін орталық жұмыс істейді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 170 рет

«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын қамтамасыз ететін фронт-офис мамандарының қызметіне кеңес алу үшін 5 мыңға жуық адам жүгінген.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов аталған орталық бизнес өкілдерінің басын қосатын алаңға айналу керек екенін айтты.

Әкім, сонымен қатар, инвесторларды ең алдымен қаланың инвестициялық мүмкіндіктері қызықтыратынын айтып, ол қызметті ұйымдастыруда негізгі қадамдарын жеңілдетілген форматта сипаттауға баса назар аударылу қажеттігіне тоқталды.

«Бизнеске арналған үкімет» жобасын «SHYMKENT» ӘКК» АҚ-ы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірг жүзеге асыруда. Бұл жұмыстар бизнес мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ инвесторларды тарту мақсатында ҚР Үкіметінің инвесторлар үшін «Бір терезе» фронт-офистерін құру туралы тапсырмасының негізінде құрылды.

Аталмыш процестерді оңтайландыру, кәсіпкерлер мен инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңейту мақсатында мемлекеттік кірістер және көші-қон қызметтері департаменті мен «Қазпочта» АҚ қызметтерін «Бір терезе» арқылы біріктіру туралы шешім қабылданды.

Мұнда инвесторлар мен кәсіпкерлерге 9 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда: мемлекеттік қызметтер көрсету, жобаға қолдау көрсету, маркетингтік қызметтер, бухгалтерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алу бойынша кеңестер CT KZ сертификаттарын беру, қаржылық ұйымдар мен даму институттарының қызметтері, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметтер, көші-қон мәселелері мен кеден, салық мәселелері.

«Бизнеске арналған Үкімет» нарықтағы өзгерістерге, мемлекеттік саясаттағы, экономикадағы, заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, сәйкесінше, үнемі жаңарып отырады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі