logo

Шымкент қаласының әкімі «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады

Таңдаулы Шымкент қаласының әкімі «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 170 рет

Шымкент қаласында Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің алдын ала жабық көрсетілімі өтті.

Көрсетілім аясында қала әкімі Ерлан Айтаханов «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаевты қабылдады.

Кездесу барысында спортшы туралы түсірілген көркем фильм төңірегінде сөз қозғалып, туындының Шымкент қаласындағы көрсетілімін ұйымдастыру жайын талқыланды.

Қала әкімі аталған туындының ұлттық тәрбиеде алар орны ерекше екенін айтып, алдағы уақытта фильмді кинотеатрға барып көретінін атап өтті.

Айта кетейік, 1 қазан күні Түркістан көшесі 1, «Жастар ресурстық орталығында», сағат 16.00-де Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің алдын ала жабық көрсетілімі өтті. Кинотуындының режиссері – Мұрат Бидосов, ал басты рөлді Самат Әзімқұлов сомдаған. Фильм кинотеатрлардан 3 қазаннан бастап көрсетіледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі