logo

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ

Таңдаулы ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 178 рет

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасы талқыланды. Тұжырымдамамен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Жұлдызай Ордабекова таныстырды.

ҚР Үкіметі тарапынан қазіргі таңдағы пәтер алушылардың 19 санатынан мына санаттарды алып тастау ұсынылуда:

- Оралмандар; ҚР азаматтығын алғаннан кейін және оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады.

- Экологиялық апат, табиғии және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде тұрғын үйінен айрылған адамдар, сондай-ақ, жалғыз үйі авариялық деп танылған азаматтар;

- Ғарышкерлерге кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын тұлғалар;

- Әскери қызметшілер және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

Шымкент қаласының әкімдігі «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалымен кеңесе отырып, аталған ұсыныстарды қолдады. Оған қоса 67-бап талабына ҚР азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы тек өтініш иесінен талап етіледі деген өзгерістерді енгізуді ұсынды.

2-бапқа «Толық емес отбасы – балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, яғни ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы деген ұғымды енгізу» туралы ұсыныс айтылды.