logo

Шымкентте Қоғамдық кеңестің төрағасы брифинг өткізді

Таңдаулы Шымкентте Қоғамдық кеңестің төрағасы брифинг өткізді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 197 рет

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбайдың қатысуымен ақпараттық коммуникациялық орталықта баспасөз мәслихаты өтті. Онда кеңес төрағасы кеңестің қызметі, атқарылған жұмыстар және алдағы негізгі міндеттер туралы БАҚ өкілдеріне жан-жақты мәлімет беріп, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Жыл басынан бері кеңестің 7 мәжілісі өткізілгенін хабарлаған спикер оның алтауында қалалық басқармалар мен департамент басшыларының есебі тыңдалып, жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар айтылғанын және ұсыныстардың бірқатары сұрыпталып, кеңес шешімдері әкімдікке ұсынылғанын жеткізді.
Сондайақ, Н.Бұхарбай кеңес отырыстарында 23 нормативтік құқықтық акті мен жоба қаралып, қоғамдық кеңес құрамымен келісілгенін және өзекті 14 тақырып бойынша жауапты тұлғалардың есептері тыңдалғанын айтты.
Айта кетейік, Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ел аумағында қоғамдық кеңестер құрылған. Аталған кеңестердің негізгі міндеті– мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу, жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау және т.б. жатады.