logo

Ақмола облысының ірі кәсіпорындары өз жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 190 рет

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Protecting Business and Investments» жобасы шеңберінде азық-түлік, өнеркәсіп бұйымдарын, жүк техникасы өндіретін немесе жолаушылар тасымалымен, сондай-ақ облыс аумағында құрылыс салумен

айналысатын немесе жел генераторларын орнату бойынша қызмет көрсететін ірі компаниялар мен кәсіпорындардың басшыларымен іскерлік кездесу өткізді. Бұл «Кокшетауминводы» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Новопэк» ЖШС, «Камаз Инжиниринг» АҚ, «Бижан» ЖШС, «Намыс» ЖШС, «Көкшетау автобус паркі» ЖШС, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС, «Виччи» ЖШС, «Сафди» ЖШС, «Пробилд» ЖШС, «СТ Жилстрой» ЖШС сияқты кәсіпорындар.

Кездесу барысында Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев бизнес-қауымдастық өкілдеріне сенім, өзара ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, «PBI» бизнес-үдерістерді жеңілдетуге, бюрократиялық жағдайларды болдырмауға және өңірде қолайлы бизнес-климатты құруға бағытталғанын атап өтті.
«Егер сіздер заңсыз сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне, бюрократиялық тосқауылдар жасауға және қызмет көрсетудің заңды мерзімін созу жағдайларына тап болсаңыз, онда біздің департаментке дереу жүгінуге құқылысыздар.Содан кейін біз кінәлі тұлғаларға қатысты нақты шаралар қабылдайтын боламыз. Сонымен қатар, біз сіздерді бизнесті адал жүргізуге шақырамыз» - дедіМұрат Төлеубаев.
Бизнес-қоғамдастықтағы жағымды көрініс қуантарлық жайт. Айта кету керек, «Көкшетауминводы» АҚ директоры Станислав Максимец Ақмола облысы аумағындағы бизнес соңғы уақытта құқық бұзушылықтарға мүлдем тап болмайтынын айтты.
PBI аясында Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов өз көмегін көрсетуге уәде беріп, қалада түрлі кәсіпорындардың қызметін кедергісіз жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
Проблемалық мәселелерді және өзара тиімді ынтымақтастық бойынша алдағы жоспарларды талқылағаннан кейін кездесуге қатысушылар бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау туралы келісімдерге қол қоюға көшті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мұрат Төлеубаев бизнесмендермен 12 келісімге қол қойды. Енді Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен 23 инвестжоба қамтылған. Барлық кәсіпкерлерге тұрақты негізде түрлі мәселелерді шешуде тиісті көмек көрсетіледі.