logo

Шымкент: Қоғамдық кеңесте шаһардың проблемалары талқыланды

Таңдаулы Шымкент: Қоғамдық кеңесте шаһардың проблемалары талқыланды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 154 рет

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырсында қалалық мемлекеттік кірістер, полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің басшылары есеп беріп, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді. 

Жиында сөз сөйлеген Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрпейіс Құлымбетов биылғы 8 ай қорытындысымен комитет құзыретіне жататын кірістер бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 6 млрд. теңге артығымен орындалғанын айтты. Меже 111 млрд. теңге болғанымен, нақты түсім 117 млрд. теңгеге жеткенін жеткізді. Бюджет түсімдерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыс жайын хабарлады.
Өз кезегінде баяндама жасаған қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарына кеңесм мүшелері заңсыз жабайы сауданы реттеу, көшеде қайыр сұраушылардың әрекетін тоқтату туралы ұсыныстарын айтты.
Қаланың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндама жасаған қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаевтың есебіне кеңес мүшелері оң баға берді.
Нұрғазы Бұхарбайдың төрағалығымен өткен жиында қала аумағын абаттандыру, көшеттерді күтіп ұстау, әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарының тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы қағидалар қаралып, нормативтік-құқықтық акт жобалары келісілді.