logo

Шымкент: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайы айтылды

Таңдаулы Шымкент: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайы айтылды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 163 рет

Шымкент қаласының ақпараттық коммуникациялық орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшылығының қатысуымен брифинг өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және орын алған құқық бұзушылықтар туралы департамент басшысы Асхат Жұмағали хабарлап, департамент тарапынан атқарылған кешенді іс-шаралар жайын баяндады.
– Жыл басынан бері департамент қызметкерлері 41 қылмысты анықтады. Оның 31-і сыбайлас жемқорлық фактілері болса, қылмыстардың басым бөлігін 20-сын парақорлық, 18-ін жымқыру құрайды. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 33 тұлға, оның ішінде 1 республикалық, 3 облыстық, 2 аудандық деңгейдегі басшылар ұсталды. Оның 23-і сотталды, – деді Асхат Жұмағалиұлы.
Брифинг барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы «Адалдық алаңы», «Protecting business and investments» (Бизнес пен инвесторларды қорғау), «Сапалы жол», «Адал ұрпақ», «Саналы Ұрпақ», «Адал жол» және «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобаларының Шымкент қаласында жүзеге асуы бойынша жан-жақты мәліметтер айтылды.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы қалалық департаментке және Call-орталықтың «1424» бірыңғай нөміріне 7 азамат хабарласқан.