logo

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алуға 74250 отбасыдан өтініш түскен

Таңдаулы Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алуға 74250 отбасыдан өтініш түскен
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 165 рет

Бұл туралы Шымкент қалалық ақпараттық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев хабарлады.

Сала жетекшісі атаулы әлеуметтік көмек алуға 74 мыңнан астам шымкенттік отбасылардан өтініштер түскенін және ол бойынша жүргізілген жұмыстар жайын айтты.
– Бүгінгі күнге 62 731 өтініш қаралып, 52 874 отбасыға 44,6 млрд. теңге тағайындалған. Одан 44 184 отбасыға немесе 218 524 адамға 14,2 млрд. теңге төленді. Қабылданған өтініштердің саны 2018 жылмен салыстырғанда 6,9 есеге артты, – деді Ғ.Балтаев.
Басқарма басшысы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 7596 отбасының табысын жасырғаны анықталғанын, 2149 отбасыға тағайындалған төлемдердің толық тоқтатылғанын және 5447 отбасының әлеуметтік төлемдеріне қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Баспасөз мәслихатында қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Дархан Беласаров қала әкімінің тапсырмасына сай жыл басынан тағайындалған төлемдерге қайта талдау жасалып, құрамына аудан әкімінің орынбасары, салық органының, учаскелік полицияның, қоғамдық бірлестік өкілдер мен жауапты басқарма мамандары енген өңірлік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үй-жайын аралап, табыстарын қайта қарап жатқанын айтты.