logo

Шымкентте қосалқы электр стансасының құрылысы басталды

Таңдаулы Шымкентте қосалқы электр стансасының құрылысы басталды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 99 рет

Мегаполис тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында тағы бір қосалқы электр стансасының құрылысы басталды. «Асар-2» шағынауданында тұрғызылып жатқан станса құрылысна 4 млрд. 600 млн. теңге бюджет қаражаты қаралған.

Бекітілген жоба бойынша қосалқы станса жабық үлгіде болады. Жобалық қуаттылығы – 110/35 кВт құрайды. Нысан іске қосылған жағдайда қаланың 70 мың тұрғыны сапалы электр қуатына қол жеткізеді.

Қосалқы электр стансасы электр қуатын «Бозарық» стансасынан алып таратпақ. Мұндай үлгідегі стансалар қаламыздың «Нұрсәт», «Солтүстік Саяжай», «Астана 1,2» шағынаудандарында бой түзеген.

Тұрғызылып жатқан қосалқы стансаның жер жұмыстары аяқталды, енді жалпы аумағы бір мың шаршы метр болатын ғимараттың құрылысы басталмақ. Жоба 2020 жылдың соңында толық аяқталып, іске қосылмақ.