logo

Шымкент қаласының әкімі жастармен жүздесті

Таңдаулы Шымкент қаласының әкімі жастармен жүздесті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 109 рет

Шымкент қалысының әкімі Ерлан Айтаханов 260 мыңнан аса жастары бар, қала тұрғындарының төрттен бір бөлігін құрайтын шымкенттік жастармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бұл туралы қала әкімінің баспаөз қызметі хабарлады

«Жастар ресурстық орталығының» ғимаратында өткен қала әкімімен болған еркін форматтағы басқосуға студенттер, мектеп оқушылары мен жас отбасылар қатысты. Арнайы кездесуге келгендер өздерін алаңдатқан өзекті мәселелерін көтеріп, көкейде жүрген ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жиында сөз алған студеттер қала әкіміне қоғамдық көліктің жүру бағыттары және жол ақысы туралы сауал жолдады. Күнделікті ЖОО қатынайтын талапкерлер, жолаушылар көлігінің жетіспеушілігін, әсіресе шалғай шағынаудандардан қаланың орталығына қатынаудың қиындығын айтып, аталған мәселені шешіп берулерін сұрады. Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов аталмыш мәселеден хабардар екенін айтып, жауапты басқармаларға мәселені оңынан шешуді тапсыратындығын жеткізді. Мегаполис жастары қолжетімді баспана мәселелерін де қарастыруды сұранды.
Қала әкімі жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 2019-2021 жылдары аралығында жылына 1 мың жалдамалы пәтер салу жоспарланғанын айтып қуантты. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 1050 пәтер және Шымкентте 900 пәтер беру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жеткізді. Баршамызға белгілі 2020 жыл еріктілер жылы деп жарияланған болатын. Осыған орай қала басшылығы тарапынан волонтерлікті дамыту мақсатында еріктелерге жан-жақты қолдау көрсетілетіндігі айтылды. Сұрақ-жауап барысында Ерлан Қуанышұлы өзінің студенттік шағын еске алып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. «Өз-өзіңді дамытуды, алған біліміңді жетілдіруді үнемі жалғастырып отыр керек, сонда ғана көздеген мақсатыңа жетесің» – деді Е.Айтаханов.
Қала әкімі еркін форматта жастармен жиі жүздесуге дайын екендігін айтып, көтерілген тақырыптар аясында жұмыс істелетіндігін жеткізді.