logo

Шымкентте «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық форумы өтті

Таңдаулы Шымкентте «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық форумы өтті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 333 рет

Шымкентте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық форумы өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ғалымдары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Форумда құттықтау сөз сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мемлекеттік тілдің рөліне тоқталып өтті.
– Жазушы Мұхтар Шаханов ағамыз «Тіл – әр ұлттың ең ұлы анасы» – деп бекер айтқан жоқ. Егемендігімізді алғалы бері Қазақстанда жүзден астам әр түрлі ұлттың азаматтары өмір сүруде. Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан саясаттың негізінде барлығы да өзінің тілін дамытуға, сақтап қалуға, салт-дәстүрін нығайтуға жағдай жасалған. Бүгінгі мемлекеттік тіліміз – ол қазақ тілі. Кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру жөнінде біршама мәселелер айтып кетті. Сонымен қатар, мемлекеттік тіліміз ұлтаралық қатынас тілге айналуы керектігін де сөз етті. Сондықтан біз шымкенттіктер бірлесе осы бағытта үлкен жұмыс істеуіміз керек. Осы мерекені тек қана бір күнде насихаттап, ұлықтап қоймай, тыныс-тіршілігімізде, тұрмысымызда өз әрекетімізбен, өз іс-қимылымызбен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз қажет, – деді қала әкімі.
Форум аясында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырлары марапатталды. Сонымен қатар, жиналғандар Абай шығармалары бойынша композицияны тамашалап, Қобыланды батыр жырынан үзінді тыңдады.
Шымкент қаласындағы стратегиялық мақсаттардың бірі – қазақ тілін латын графикасына өткізу бойынша ауқымды жұмысты өңірдегі лингвист-ғалымдармен және тіл жанашырларымен бірге кешенді әрі нәтижелі іске асыру. Бұл орайда, 2019-2020 жылдар аралығында мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың 20 мыңға жуық қызметкерлері үшін кезең-кезеңмен ақысыз латын әліпбиі курсы ұйымдастырылды.
Айтакетейік, Шымкент қаласындатілдер мерекесіаясында 4-11 қыркүйек аралығында қала көлеміндеҚазақстан халқын біріктіретін мемлекеттік тілдің мәртебесін ұлықтау мақсатында апталықөткізіледі.