logo

Ақмола облысының шенеуніктері өтініштерді қарау үшін шұғыл ақпарат алмасу мақсатында WhatsApp-та чат ашқан

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 122 рет

Бүгін Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындабрифинг өтіп, оның барысында Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Владислав Шуль облыстың темір жол жолаушылар тасымалы саласындағы мониторинг қорытындылары туралы ақпараттандырды. Оның айтуынша, мониторинг барысында пойыз қозғалысының аса қажетті бағыттары бойынша билеттердің болуы тексерілді. 

«Мониторинг нәтижесімаңызды бағыттар бойынша билеттердің 7-10 күнгедейін бар екендігін көрсетті. Билеттердің жасанды тапшылығы, сондай-ақ «көмекшілер» және билеттерді сатып алып, қайта сатумен айналысатын адамдар анықталған жоқ» - деп атап өтті спикер.
«Сапалы жол - адалдық алаңы» жобасы аясында автожолдардың құрылысы мен жөндеу сапасына бақылау жүргізілді. Өткен жылы орташа жөндеу жүргізілген «Көкшетау-Петропавл-Алексеевка» автожолы облыс шекарасына дейін тексерілді. Жұмыс тобы көзбен шолып тексеру жүргізіп, асфальт жамылғысының үлгісін алып, жабынның енін өлшеді. Асфальт қабатын механикалық тұрғыдан зақымдайтын жол учаскелері анықталды.
«Анықталғандай, осы жол учаскесі бойынша ең жоғары массадан асатын жүк машиналары өтеді. Бұл жолдың асфальт қабатының бұзылу себептерінің бірі болуы мүмкін» - деді Владислав Шуль.
Мониторинг қорытындысы бойынша кепілдік қызмет көрсету мерзімі шеңберінде анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар енгізілді. Автомобиль жолдары объектілерінде жол-жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау бойынша шығулардың жоспар-кестесі бекітілді.
Мемлекеттік органдар мен мекемелердің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенова хабарлады. Оның айтуынша, бірінші басшылардың бірінші қабаттарға көшуі, open space форматында жұмыс істеу және оңтайландыруды жүргізу ашықтықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар шығындарды айтарлықтай қысқартуға және қағазбастылықты төмендетуге мүмкіндік береді.
«Жақсы мысалдар бар. Оңтайландыру нәтижесінде біздің облыста облыстық басқармалар саны 26-дан 22-ге дейін қысқарды. Басшы лауазымдардың атқарушылық қызметке қатынасы екі есе азайды. Білім беру саласында бірігу жолымен функциясы ұқсас 8 колледжді қайта ұйымдастыру нәтижесінде 4 колледжге қысқарды. Нәтижесінде 126 млн. теңге үнемделді» - деді Самира Тайтенова.
Брифинг барысында спикерлер қазіргі уақытта жобалық офис пен арнайы мониторингтік топ күштерінің көп бөлігі азаматтардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарауға шоғырланғанын айтты. Ол үшін WhatsApp мессенджерде арнайы чат құрылып, онда әлеуметтік желілер арқылы келіп түсетін өтініштерді облыстық департаменттердің, басқармалардың басшылары мен өкілдері, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары мұқият қадағалайды. Мұндай әдіс уәкілетті тұлғаларға азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне дереу және бюрократиялық сылтауларсыз жауап беруге мүмкіндік береді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі