logo

Шымкентте білім саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тәсілдері түсіндірілді

Таңдаулы Шымкентте білім саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тәсілдері түсіндірілді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 116 рет

Шымкент қаласыәкімдігінде орналасқан ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының Президенті Асқар Ибрагимовтың қатысуымен «Білім беру саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. 

Баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігіне қарасты«Қаржы орталығы» АҚ өкілдері студенттік жатақханалар мен жекеменшік мектептерді салу бағытында атқарылыпжатқан жұмыстар жайын баяндап, алдағы уақытта іске асатын жобалар туралы айтты.
– 2019 жылдың қыркүйектегі жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша 13 оқу орнындағы студенттік жатақхана орындарына қажеттілік 8 400 орын-жайды құрайды. Жоба аясында 600 орынға 2 жатақхана енгізілді. Сонымен қатар, жылдың соңына дейін 361 орынға арналған 2 объектіні енгізу жоспарланып отыр. Оқушылар орындарының тапшылығын азайту мақсатында Шымкент қаласында реконструкция жасау арқылы 3777 орындық 8 мектеп және құрылыс салу арқылы 2 352 орындық 3 мектеп ашылды, –деді Асқар Ибрагимов.
Баспасөз мәслихаты соңында жергілікті БАҚ өкілдерінің білім саласындағы нысандардың инфрақұрылымдық жобалары туралы сауалдарына сала мамандары тиянақты жауап берді.