logo

Шымкент қаласының әкімі ақындармен жүздесті

Таңдаулы Шымкент қаласының әкімі ақындармен жүздесті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 122 рет

Шымкент қаласының әкімдігінде қала әкімі Ерлан Айтаханов айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова бастаған бірқатар ақындармен кездесті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде кіл сөз дүлдүлдері айтыс өнері, әдебиет пен руханият төңірегінде өрелі әңгіме өрбітті. Соныменқатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған міндеттерді іске асыру жайын талқылады. Шымшаһардың мәдениет саласын дамыту жайы да назардан тыс қалмады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылған әрі келер жылы аталып өтетін Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту жайын сөз етті. Ауқымды мәдени іс-шараларға дайындық жайын пысықтап, сөз өнерін дамыту, дарынды, талантты жастарды қолдау туралы пікірілерін айтты.
Кездесу соңында ақындар айтыс өнерін дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта Шымкент қаласында айтыс қайта жанданатынына сенімді екендіктерін жеткізді.