logo

Шымкент қаласының су арнасына цифрлық жүйелер енгізіледі

Таңдаулы Шымкент қаласының су арнасына цифрлық жүйелер енгізіледі
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 68 рет

Шымкент қаласы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған ұйым –

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС шаһардағы ауыз су және шайынды су жүйелерін цифрландыру бағытында әлемдік компаниялармен әріптестік байланысты нығайтып келеді. Бұл туралы қала әкімдігінің «shymkent.gov.kz» ресми сайты хабарлады.
Қалалық су арнасының басшылығы финляндиялық UROS компаниясымен келісімге отырып, су арналарын гидравликалық моделдеудің алдын ала есебін жүргізу жобасын іске асыра бастады.
Шымкент қаласына арнайы келген финляндиялық компания өкілдері – компанияның атқарушы директоры Владимир Олещенков, вице-президенті Сакари Лаитинен және инженері Тутти Лаитинен Шымкент қалалық су арнасы мекемесінің цифрлық қамтылуын, кәсіпорын қуаттылығын зерделеп, есептеуіш құралдары мен датчиктерінің, қысым реттеуіштерінің көрсеткіштерін UROS жүйесінде сынақтамадан өткізбек.
Шетелдік мамандар кәсіпорынды цифрлық жаңғырту, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану бағытында қалалық су арнасының басшылығына нақтылы ұсынымдар әзірлемек.
UROS компаниясы су арнасы мәселелерімен шұғылданатын бірнеше финляндылық кәсіпорындарда цифрландыру және гидравликалық моделдеу жобаларын табысты іске асырған. UROS компаниясының жобалары сондай-ақ Ресей Федерациясында, Қытай Халық Республикасында, Үндістанда қолға алынған.

Водоканал Шымкента переходит на цифровые технологии
ТОО «Водные ресурсы-Маркетинг», организация обеспечивающий жителей Шымкента водоснабжением, наладило партнерские отношения с международными компаниями в сфере цифровизации систем водоснабжения и водоотведения. Об этом сообщил официальный сайт городского акимата «shymkent.gov.kz».
Согласно достигнутых соглашений, финская компании UROS и руководство городского водоканала начали реализацию проекта по проведению предвапрительных расчетов гидравлического моделирования.
Прибывшие в Шымкент представители финской компании в лице управляющего директора Владимира Олещенкова, вице-президента UROS Сакари Лаитинена и инженера Тутти Лаитинена намерены детально познакомиться с цифровым оснащением предприятия и мощностями, использовать данные с приборов учета, датчиков и регуляторов давления водоканала в системе UROS.
Иностранные специалисты подготовят рекомендации руководству городского водоканала по вопросам цифровой модернизации и более эффективному использованию имеющихся ресурсов.
Компания UROS провела цифровизацию и внедрение гидравлического моделирования на нескольких финских водоканалах и сейчас выходит на международный рынок. В частности, проекты UROS запускаются в Российской Федерации, Китае, Индии.