logo

Шымкентте қызылшаға қарсы қосымша екпе егу басталмақ

Таңдаулы Шымкентте қызылшаға қарсы қосымша екпе егу басталмақ
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 58 рет

2019 жылғы 16 қыркүйектен бастау алатын екпе науқаны аясында вакцина 20-29 жас аралығындағы азаматтарға егіледі. Вакциналық екпе медициналық кері көрсеткіштері бар тұлғаларға, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге салынбайды. 

– Бұл вакцинаны екпелік мәртебесіне, оны бұрын алғанына қарамай қарамай 20-29 жас аралығындағы барлық азаматтар алады. Вакциналық екпеден оның таралым аймағында контактілік тұлғалар мен медициналық қызметкер деп анықталып, қызылшаға қарсы екпені 2018 жылғы желтоқсаннан күні бүгінге дейін алған тұлғалар босатылады, – дейді Шымкент қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім басшысы Забира Есенғараева.
Қызылшаға қарсы қосымша екпе егу бағдарламасы аясында Шымкенттегі медицина ұйымдары 113 400 дана вакцинамен қамтылған. Үндістанда өндірілген қызылшаға қарсы қосвалентті вакцина Қазақстан аумағында тіркеуден өтіп, сертификатталған.
Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері Шымкентте осы инфекциялық ауруды 1200-ден астам адам жұқтырған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бұл бағдарлама инфекция таралуының алдын алуға және оны жұқтырған науқастардың санын азайтуға бағытталған.