logo

Шымкент: Полицейлер оқушыларға қажетті заттарды сыйлады

Таңдаулы Шымкент: Полицейлер оқушыларға қажетті заттарды сыйлады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 27 рет

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Е.Жұмаханбетовтің бастамасымен «Өзіміздің полиция» акциясы аясында шымкенттік тәртіп сақшылары мектеп оқушыларына білім алуға қажетті заттарды сыйлап, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға көмек қолын созуды жалғастыруда.

Қаратау ауданы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен аудандық әкімдік қызметкерлері және қоғамдық белсенділер «Достық» шағынауданында әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан тәрбиеленіп жатқан балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушыларына жаңа оқу жылы қарсаңында 35 дана сөмке мен керекті кеңсе тауарларын (қаламсап, қалам, дәптер және .т.б.) табыстады.
Шағынаудан тұрғындарымен өткен кездесу барысында Қаратау ауданы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Н.Абдураманов құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын сақтау қажеттілігін түсіндірді. Сондай-ақ, аудан аумағындағы ойын-сауық орындары мен сауда нүктелерінде және, жанар-жағармай құю бекеттері иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Жиын соңында учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жүйелеу, жұртшылықтың талап-өтініштерін ескеру, аудан халқы арасында құқықтық түссіндіру жұмыстарын жиілету бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.