logo

Шымкент: Айтаханов азаматтарды қабылдады

Таңдаулы Шымкент: Айтаханов азаматтарды қабылдады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 130 рет

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әкім қабылдауына келген қала тұрғындары өздерін толғандырған жайттарды шаһар басшысына айтты. Бұл туралы қала қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдауға келгендердің басым бөлігі жұмыссыздық мәселесін көтерсе, бірқатары коммуналдық қызметтердің сапасы мен қоғамдық көлік мәселесін реттеу, тұрғын үй және мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау туралы айтты. Сондай ақ, белсенді азаматтар қаланы дамытуға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.
Қала басшысы тұрғындарды толғандыратын мәселелер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, айтылған проблемалар бойынша жауапты басшыларға зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жұмыссыздық мәселесі бойынша әкімге жүгінген азаматтардың мәселесін шешу бойынша жауапты тұлғаларға халықты нәтижелі жұмыспен қамтудың бағдарламасы аясында көмек беруді тапсырды.
Шаһар басшысы қабылдауға келген тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек алудың жай-жапсарын түсіндірді. Ерлан Айтаханов азаматтардың мәселелерін шешу жеке бақылауында болатындығын ескертіп, әр мәселе бойынша қолданыстағы заң талаптарына сай нақты шаралар қабылданатынын жеткізді.