logo

Шымкент: №80 мектептегі мәселе екі аптада шешіледі

Таңдаулы Шымкент: №80 мектептегі мәселе екі аптада шешіледі
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 60 рет

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатына қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева айтты.

Басқарма басшысы журналистер мен блогерлер алдында білім саласындағы мәселелер мен оларды шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыс жайын хабарлады.
– Жаңа оқу жылынан бастап үшінші мегаполистегі білім ошақтарында жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілуде. Қазіргі таңда, 11 жекеменшік мектепке 5454 оқушы мемлекеттік тапсырыс арқылы орналастырылды. Жан басына қаржыландыру жүйесін ендіру нәтижесінде өткен жылы 2400 орынға арналған 4 жекеменшік мектеп ашылды. Жаңа оқу жылында 1500 орындық «Жас дарын», «Абай Құнанбаев» жекеменшік мектептері ашылса, жыл соңына дейін 1000 орындық 5 жекеменшік мектеп ашылады деп жоспарлануда. Осылайша жекеменшік мектептер есебінен үш ауысымда оқытатын 3 мектептің мәселесін шешу жоспарланған, – деді А.Қалыбайқызы.
Оқушыларды оқулықтармен қамту жұмыстарына тоқталған А.Текебаева оқулықтарды сатып алу бойынша 13 баспамен келісімшарт жасалып, бүгінде жаңа 1186907 дана кітаптың білім мекемелеріне таратылғанын айтты.
Баспасөз мәслихатында журналистер қалалық білім басқармасы басшылығынан директорлар тағайындау конкурстарын ұйымдастыру, үш ауысымды мектептердің мәселесін реттеу, педагогтардың біліктілігін көтеру бойынша сауалдар қойып, спикерден нақты жауаптар алды.


.