logo

Шымкентте 5 жекеменшік мектеп ашылады

Таңдаулы Шымкентте 5 жекеменшік мектеп ашылады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 42 рет

Биыл жыл соңына дейін Шымкент қаласында тағы да 5 жекеменшік мектеп ашылмақ. Бұл туралы Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева айтты. 

Айгүл Қалыбайқызының хабарлауынша, шаһарда үш ауысымда білім беру мәселесі оңтайлы шешіліп келеді. Бүгінгі таңда қалада үш ауысымды 19 мектеп болса, қыркүйек айында 4 мектептің мәселесі толық реттелген.
Білім саласындағы мәселелер және олардың шешу мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталған спикер саладағы күрмеуі қиын проблемалар бойынша нақты жұмыстардың қолға алынғанын мәлімдеді.
–2019-2020 оқу жылында Шымкент қаласындағы 701 білім беру мекемесінде 305 696 бала білім алуда. Білім саласына 2019 жылға 77 987 821,0 мың теңге бөлініп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 35%-ға артып отыр. 501 мектепке дейінгі мекемеде 76339 бала қамтылған. Оның ішінде21954 бала – 57 мемлекеттік, 42699 бүлдіршін – 416 жекеменшік балабақшада, ал 11474 бала мектепалды даярлық топтарында тәрбиеленуде.Қаладағы балабақшамен қамтуды қажет ететін 3-6 жастағы 73 031 баланың 95,2%-ы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған, –деді А.Текебаева
.