logo

Шымкентте қала әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады

Таңдаулы Шымкентте қала әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 29 рет

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов бастаған топ алдымен «Нұрсәт» шағынауданындағы қалалық перинаталдық орталық пен көпсалалы №2 қалалық аурухананың және қалалық перзентхананың жұмысымен танысты.
Медицина нысандарын аралап көрген қала басшысы өзекті мәселелер бойынша жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.
Қала басшысы Ерлан Айтаханов №2 қалалық аурухана мен қалалық перзентханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді және жөндеу жұмыстарын ең алдымен перзентхана бөлімінен бастау қажеттігін жауаптыларға міндеттеді. Ал, медицина мамандарына ем қабылдаушы науқастарға сауатты қызмет көрсетуді, ана мен бала денсаулығына айрықша көңіл аударып, жіті бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, денсаулық саласына еңбегі сіңген, өмірлік тәжірибесі мол білікті ардагер дәрігерлермен кеңесіп отыру үшін, ардагер-дәрігерлердің кеңесін құруды тапсырды.
Ауруханалардың жұмысымен танысу барысында әкім медициналық жабдықтардың қолжетімділігі мен жағдайына, пациенттердің денсаулығына, оларды емдеу шарттары мен қажетті дәрі-дәрмектердің болуына назар аударды.