logo

Шымкентте Денсаулық фестивалі өтті

Таңдаулы Шымкентте Денсаулық фестивалі өтті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 36 рет

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында дәстүрлі «Денсаулық фестивалі – 2019» акциясы өтті.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылып отырған игі шара «Денсаулық сандарына жет» ұранымен жаппай таңғы жаттығу жасаумен басталды. Фестиваль аясында 2 мыңға жуық қала тұрғыны жергілікті білікті дәрігерлердің қабылдауында болып, тегін медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік алды.
Іс-шараға арнайы қатысқан қала басшылығы медицина қызметкерлерімен және қала тұрғындарымен кездесті. Қала әкімі Ерлан Айтаханов алаң бойындағы қалашықта жұмыс істеп тұрған медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық компаниялардың қызметімен танысты. Тұрғындарды қабылдап, қызмет көрсетіп отырған дәрігерлердің жұмысын бақылап, медицина мамандарының жауапкершілігі жоғары жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, әкім барша қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Фестиваль аясында қала басшысы Е.Айтаханов мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында ел игілігіне берілген «Медикер» клиникасының жұмысымен танысты.
Айта кетейік, жаңа клиника медициналық қызметтердің жоғары сапалығымен белгілі Қазақстандағы жекеменшік медициналық орталықтардың ең үлкен желісі болып табылады.