logo

Шымкент: ҚХА мүшелері арыстықтарға 100 млн. теңгеден астам көмек берді

Таңдаулы Шымкент: ҚХА мүшелері арыстықтарға 100 млн. теңгеден астам көмек берді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 72 рет

Шымкент қаласында 100-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 16 этномәдени бірлестік елдің берекелі бірлігін бекемдеп, ырысты ынтымағын арттыру бағытында табысты жұмыс істеп келеді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қалалық ассамблея мүшелерімен кездесуінде айтты.

Бүгінде қалалық ассамблея жанында 8 қоғамдық құрылым бар. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, қала аумағындағы колледждер жанынан «Достық» клубтары ашылған.
Қалалық ассамблея мүшелері жиналған жиында қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов атқарылған жұмыстар мен алдағы негізгі міндеттер туралы баяндады. М.Оразалыұының айтуынша, ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңестері қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша 35 ұсыным әзірлеп, оның 21-і орындалған. Ал, Аналар кеңестері ұрпақ тәрбиесі мен отбасы институтын бекемдеу мақсатында 70-тен астам жүздесу өткізген.
Медиация кабинетінің ықпалымен барлығы 150-ге жуық дауға нүкте қойылып, ортақ келісім жасалған. Ассамблея қала аумағында «Қазақтану», «Қазақша сөйлеймін», «Халықтық бренд», «Мектеп медиациясы», «Жақсылық жаса» жобаларын сәтті жүзеге асырып келеді. Шымкентте жыл басында бастау алған Ұлы Дала дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық шаралары ай сайын ұйымдастырылып, аз қамтылған азаматтараға бүгінге дейін 7 млн. теңгенің көмегі көрсетілген.
Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Шымкент қалалық және Түркістан облыстық ассамблеяларының бірлескен штабы құрылып, ел аумағындағы ассамблея мүшелері арыстықтарға жалпы құны 100 млн. теңгеден астам көмек берген.
Жүздесуде қалалық ҚХА мүшелерінің ұсыныстарын тиянақты тыңдаған қала әкімі Е.Айтаханов жауаптыларға мемлекеттік саясат аясындағы міндеттерді нәтижелі іске асыруды жүктеді.