logo

Шымкент: Айтаханов ассамблея мүшелерімен кездесті

Таңдаулы Шымкент: Айтаханов ассамблея мүшелерімен кездесті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 72 рет

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесіп, этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жүздесуде қала әкімі Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді, тұрақтылықты сақтау, қоғамның бірлігін нығайту бағытындағы тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті.
– Еліміз үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Тұрақтылық болған жерде береке орнап, алға қойған мақсатарымызға жете аламыз. Күні кеше Мемлекет басшысының Жолдауында Қоғамдық келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі екендігі айтылды. Сондай-ақ, қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасыру үшін нақты міндеттер қойылып отыр. Алдымызда Елбасы мен Президенттің тапсырмаларын нәтижелі іске асыру міндеті тұр, – деді қала әкімі Е.Айтаханов.
Жиында қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратовтың баяндамасы, ассамблея мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Ерлан Айтаханов тұрғындармен ашық диалог орнату арқылы мемлекеттік маңызды бастамаларды түсіндіру, қаламыздың ТМД елдерінің астанасы атануына орай жұмысты ширату, жастар тәрбиесі, еріктілер жылына орай этнос жастарымен жұмысты жандандыру, медиация желісі аясында «Татуласу алаңдарын» құру жөнінде тапсырмалар берді.