logo

Шымкентте Coworking орталығы ашылды

Таңдаулы Шымкентте Coworking орталығы ашылды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 72 рет

Шымкент қаласында «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай бастау алған апталық аясында Абай атындағы орталық кітапханада «Nur Otan» партиясының қолдауымен жаңа заманауи «Bilim ortalygy» ашылды. 

Жаңа орталықтың ашылуына «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қатысып, сoworking орталығының тұсауын кесті.
– Қоғам күн санап емес, сағат санап өзгеріп жатыр. Санамыз да өзгеріске түсуде. Жаңару мәселесі барлық салада – өте өзекті. Кітапхана ішінен Bilimortalygy-ның ашылуын да жаңаруға қадам басу деп қабылдау керек. Бұл жерден оқырман кітаптың баспадан шыққанын да, электронды түрін де оқи алады. Қажетдесе, интернеті де бар, тегін. Кітап оқимын деген оқырманға барынша барлық ыңғайлы жағдайды қарастырдық, –деді Бахадыр Нарымбетов.
Саяси партияның оқырмандарға жасап отырған жағдайын ескерген кітапхана ұжымы игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын айтты.
– Орталықтың мақсаты – жастарға мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыра отырып, білімін шыңдау, әдебиетке деген көзқарасын қалыптастыру, жаңа заманауи жаңалықтармен дер кезінде таныстырып отыру, инттеллектуалды орта құру. Жастар мұнда өзіне қажетті мәліметтің барлығын осы жерден ала алады. Қажетті ақпаратты алуы үшін компьютермен, интернетпен жабдықталған. Оқырмандарға жағдай жасаған азаматтарға алғысымызды білдіреміз, – дейді кітапхана әдіскері Гүлжан Садық.
Айта кетейік, осымен Шымкент қаласында ашылған Coworking орталығының саны үшке жетті.