logo

Шымкенттік оқушы құбыр тазалайтын робот жасап шығарды

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 76 рет

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 12-сынып оқушысы Қуаныш Мәден өзі жасаған «Құбыр тазалаушы робот» жобасын патенттеп алды. Бұл туралы аталған білім мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол 2017 жылы техникалық реферат жасап, роботтың формуласы мен схемаларын құрып, құжаттарын Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсырған. Ал биылғы жылдың тамыз айында Қуанышқа жобасының патенттелгені жайлы қуанышты хабар жетті.
– Құбыр тазалайтын роботты құрастыру идеясы маған кенеттен келді. 7-сыныпта ғой, мектепке бара жатқанмын. Бәрі әдеттегідей, үйреншікті қалыпта еді. Бірақ дәл сол күні көлік кептелісіне тап болып, сабаққа кешігіп қалдым. Оның себебі – қаламыздың Д.Қонаев даңғылында құбыр жарылған еді. Сол уақытта осы жобамды қолға алу идеясы туды», – дейді жас өнертапқыш.
Оны жүзеге асыру үшін жас өнер тапқыш екі жыл бойы робототехника үйірмесінде тынбай еңбектенген Қуаныштың роботын осы саладан хабары бар азаматтары біледі. Тіпті, шетелдіктер де құбыр тазалағыш роботты таниды.
– Жобамды қазір көбі біледі. Себебі мен біраз жарыстарға қатыстым. Бұл жұмысым маған республикалык «3.2.1. СТАРТ» байқауында 1-орын және 1 млн. теңге көлемінде қаржылай сыйақы, 60 мемлекеттің арасында өткен халыкаралық«CASTIC-2019»сайысында инженерлік ғылымдар санатында 2-орын алып берді», – дейді жас ғалым.
2017 жылы «Жас өнертапқыш» номинациясын иеленген Қуаныш алдағы уақытта әмбебап құбыр тазалағыш роботын өндіріске енгізіп, қазақстандықтарға пайдасын тигізуді армандайды.