logo

Шымкентте «Назар аударыңыз, балалар!» іс-шарасы басталды

Таңдаулы Шымкентте «Назар аударыңыз, балалар!» іс-шарасы басталды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 86 рет

2019-2020 жаңа оқу жылының басталуына орай Шымкент қалалық полиция департаменті ювеналды полиция инспекторлары балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шара аясында автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу мақсатында күнделікті білім мекемелерінде жұмыстар атқарылуда.
Атап айтар болсақ, аталған іс-шара аясында қаладағы №77, 79 мектептерде ювеналды полиция инспекторларының қатысуымен оқушылар мен жасөспірімдерге жол жүру ережелерін сақтауды, қылмыс пен құқықбұзушылық жасамау туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, шымкенттік полицейлер қаладағы жол бойында орналасқан мектептердің алдында таңғы сағат 07.00-ден кешкі 19.00-ге дейін оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Осындай жүйелі алдын-алу іс-шаралары оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Ата кетейік, аталған жедел-профилактикалық іс-шара қала аумағында білім мекемелерінде 1-30 қыркүйек аралығында күнделікті өткізілетін болады.