logo

Шымкентте бос жұмыс орындар жəрмеңкесі өтеді

Таңдаулы Шымкентте бос жұмыс орындар жəрмеңкесі өтеді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 89 рет

Шымкент қаласында 2019 жылы 6 қыркүйек күні сағат 15.00-де Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз жастармен бітіруші түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

Жəрмеңке Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өтпек.
Онда жұмыс табуға ынталы азаматтарға қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындардан 1000-ға жуық жастар тәжірибесі бойынша бос жұмыс орындары ұсынылып, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттармен «Бастау бизнес» жобасы бойынша кеңес беріледі.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 3ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ғимараты жанында өтеді.