logo

Шымкенттік 1536 мәдениет саласы қызметкерінің жалақысы көбейеді

Таңдаулы Шымкенттік 1536 мәдениет саласы қызметкерінің жалақысы көбейеді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 76 рет

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырбындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауынталқылауға арналған қала активінің мәжілісінде айтылды.

Президент Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл каражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалатын болады. Бұл бағыт бойынша ағымдағы жылы қалада Әл-Фараби, Еңбекші ауданындағы полиция басқармалары ғимаратында фронт-офистер ашылса, жылдың соңына дейін осындай фронт-офистер Абай және Қаратау аудандарында ашылмақ.
Саяси құжатты жан-жақты саралаған жиында Президент Жолдауындағы мәдениет қызметкерлерін қолдау шаралары да сөз болды.
Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы мәдениет саласындағы 18 мекемеде (кітапхана, музей, театр қызметкерлері және т.б.) 1536 адам жұмыс істейді. Биыл олардың еңбекақылары 30 пайызға көбейді. Аталған сала қызметкерлерінің жалақысы келер жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тағы өсетін болады.