logo

Айтаханов: Халықтың əрбір сауалына нақты əрі ұғынықты жауап берілуі қажет

Таңдаулы Айтаханов: Халықтың əрбір сауалына нақты əрі ұғынықты жауап берілуі қажет
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 79 рет

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында өтіп жатқан актив мәжілісінде айтылды. 

Қала әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиында саяси құжаттың әр бөлімі жеке-жеке талданып, оны қала аумағында табысты іске асыру жайы талқыланды.
Енді Жолдаудың бірінші бағытына сай Шымкент қаласы әкімдігіне азаматтардан келіп түскен әр өтініш пен жеке қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі қатаң бақылауға алынып, заң аясында нақты шешімін табатын болады. Сондай-ақ, жыл басынан бері жер және коммуналдық сала бойынша 7 азаматтан түскен 25 қайталама арыз жан-жақты қаралады.
–Əр сауалдың артында адам тағдыры тұр. Мұндайға жол бермей, əр шағымға жауапкершілікпен қарауымыз керек. Сондай-ақ, қалада заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтардың тыныштығын бұзбайтын бейбіт акциялар өткізілетін орындар қайта қаралып бекітілетін болады. Халықтың əрбір сауалына нақты əрі ұғынықты жауап берілуі қажет, деді – қала әкімі Е.Айтаханов.